$ 499.51  525.83  4.62

Қазақстанның бірқатар аймағында қатты аяз болады

Алдағы уақытта еліміздің басым өңірінде ауа райы күрт өзгеріп, қатты аяз болады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

7-8 қаңтарда БҚО, Атырау облысында ауа райы күрт өзгереді: қар жауып, боран соғады, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Ал, 8-9 қаңтар аралығында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін кей жерлерде 23-28 градусқа дейін төмендейді.

8-9 қаңтар аралығында Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, боран соғады, желдің күші 15-20 м/с-ке кей жердерде 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

9 қаңтарда Қостанай облысында, 10 қаңтарда Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және 11 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады, түнде ауа температурасы 23-28  градусты көрсетеді деп болжануда. Ал кей жерлерде ауа температурасы -33 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

9 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20 м/с-ке дейін кей жерлерде 23-28 м/с-ке жетуі мүмкін. 10 қаңтарда бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 3-8 градусқа дейін кей жерлерде 13-18 градусқа дейін төмендейді.

8 қаңтарда Қызылорда облысында қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. 9 қаңтарда өңірде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. 9 қаңтарда облыста ауа райы суытып, түнде 3-8 градусты кей жерлерде 13-18 градусты көрсетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары