Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайындағы көлік тұрағының баға көрсеткіші жөнінде бүгінгі баспасөз конференциясында «Астана LRT» директоры Рустам Халилев айтып берді.
9 тамызда әуежай аумағында Астана қаласы көлік кеңестігінің бірыңғай саясатын іске асыру аясында 806 орынға арналған ақылы тұрақ бойынша пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Ақылы тұрақтың баға саясаты: тұрақ аумағында көлікті қою 30 минут тегін. Әрі қарай: бірінші сағаты – 300 теңге, келесі сағат – 1500 теңге.
Бұл баға көрсеткіші қала тұрғындары мен қонақтарының қолайлығы үшін бос көлік тұрағын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ескі теміржол вокзалының аумағында орнатылған.
«Астана LRT» ЖШС көлікті ұзақ уақытқа 266 орынға арналған тұрақта қалдыруға кеңес береді, онда бейнекамера орнатылған, тәулікбойы күзетіледі. Көлікті тұраққа қою бағасы 1 тәулікке 2000 теңге.
Оған қоса халықаралық әуежай аумағында жолаушылар өз көліктерін қалдыра алатын тегін тұрақ та бар. Көліктерін тұраққа қалдырып кеткені үшін бастапқыда жолаушылардан 57 мың теңге сомасында ақы талап етілген, кейін олардың бұл ақылы тұрақ екенін білмегені анықталды, осылайша баға саясаты ауысып, олардан небары 2000 теңге мөлшерінде ақы төледі. Осы жағдайға байланысты жолаушыларға әуежай аумағында көлік тұрағының баға саясаты жөнінде ақпарат берілді.
-Біз адамдармен түсіндіру жұмыстарын өткізу керектігін түсіндік, олар көлік тұрағына қатысты ақпаратпен таныс болғаны жөнінде құжатқа қол қойды. Нәтижесінде біз адамгершілік әрі түсіністік танытып, олардан небары 2000 теңге талап еттік. Адамдар әуежайды қайта қалпына келтіру кезінде көлік тұрағы тегін болғанына үйреніп қалған, - деді «Астана LRT» директоры Рустам Халилев
Алдағы уақытта көлік тұрағына кіріп, шыққаны үшін ақы төлеуге мүмкіндік беретін қосымша енгізу жоспарлануда, сондай-ақ абонементтік жүйені енгізу мәселесі де қарастырылатын болады.