$ 498.34  519.72  4.85

Билл Гейтс 4,6 млрд долларын қайырымдылыққа аударып жіберді

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, әлемдегі ең дәулетті адам саналатын Билл Гейтс қайырымдылыққа 4,6 млрд долларын аударып жіберді. Бұл туралы Bloomberg басылымы мәлімдеп отыр.

Белгілі болғандай, Гейтстің бұл 2000 жылдан бері жасаған ең ірі қайырымдылығы екен. 2000 жылы ол 5,1 млрд долларын мұқтаж жандарға берген. Ал, одан бір жыл бұрын қайырымдылық қорларына 16 миллиард доллар аударыпты. Жалпы, 1994 жылдан бері америкалық миллиардер 35 миллиард долларын осы мақсатта жұмсаған.

Bloomberg тілшілері Гейтстің нақты қай қайырымдылық қорына ақша аударғанын жазған жоқ. Дей тұра, ол бұған дейін үнемі өзінің және әйелінің атындағы қорларға демеушілік етіп келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары