Алматы облысының полициясы өткен жылы адам саудасы бойынша төрт фактіні анықтады. Оның ішінде үш фактіде балалар сауда объектісі болған. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Облыс полициясының ақпараты бойынша, 2014 жылдың күзінде Талдықорған қаласының полициясы оқуының ақшасын төлеу үшін жаңа туған нәрестесін сатпақ болған жергілікті ЖОО бірінің студентін қолға түсірді. Дәл осындай жағдай жаз мезгілінде Қарасай ауданында тіркелді. Жергілікті базарлардың бірінде орналасқан фельдшерлік пункттің медбикесі Қазақстанға көршілес жақтан республикасының азаматшасына нәрестесін сатуға көмектескен.
Ұсталғандардың жартысы соттың шешімімен келісіп, тиісті жазаларын өтеуде.
Сонымен қатар, шара барысында полиция қызметкерлері жеңгетайлықтың 50 фактісін, жезөкшелікпен айналысуға мәжбірлеу турасында 1 факті және 6 факті адам ұрлығын анықтаған.