$ 498.55  524.28  4.75

Франция полициясы лаңкестік шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады

Франция полициясы «Шарли Эбдо» журналының редакциясына шабуыл жасаған күдіктілердің суретін жариялады, деп хабарлайды шетелдік ақпарат агенттіктері. 

Полиция күдіктілер туралы қандай да бір ақпарат білетін куәгерлердің көмегіне үміттеніп отыр. Лаңкестікке қатысқан ағайынды Саид пен Шериф Кашиді тұтқынға алуға ордер берілді. Ал тағы бір күдікті – 18 жасар Хамид Мурад полицияға өз еркімен берілген еді. 

Естеріңізге салып өтсек, Қаңтардың 7-сі күні Парижде Мұхаммед пайғамбардың карикатура суретін жариялаған «Шарли Эбдо» журналының редакциясына қарулы үш адам шабуыл жасап, ол оқиғадан 12 адам қаза тапқан, 12 адам жараланған. Қаза тапқандар қатарында журналдың шеф редакторы Стефан Шарбонье, карикатурашылар Жан Кабу, Жорж Волынски, Бернар Верлак және екі полицей бар.

Франция бұл оқиғаны теракт деп бағалап, қаңтардың 8-ін аза тұту күні ретінде жариялаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары