Астанада 21 тамыздан 5 қыркүйек аралығында «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы өтуде деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) басшысы Бақытжан Малыбаев.
- Тек екі күндік рейд жұмыстарының өзінде 350-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әсіресе жолдардан өту ережелерін бұзатын жаяу жүргіншілердің, жүргізушілердің қауіпсіздік ережелерін бұзудың алдын алуға ерекше назар бөлінді. ЖКА санының төмендегеніне қарамастан, 2017 жылдың 7 айында елорда жолдарында жаяу жүргіншілер кінәсінен 17 адам көз жұмды - деп хабарлады Б.Малыбаев.
Осы жылдың 7 айы ішінде 329 жол көлік оқиғасы орын алған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56 оқиғаға аз.
Жаңа оқу жылының жақындауына байланысты және де қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Астана әкімдігі ЖПҚ бірлесіп жол-көлік оқиғаларын ескерту, алдын алуға бағытталған шаралар өткізуде.
- Әсіресе, көлік жүретін бөлік бойында жаяу жүргіншілерге арналған қоршаулар салынуда. Қазіргі таңда елордада 1,5 мың метр қоршау орнатылды, - деп жалғады сөзін Б.Малыбаев.
Бұған қоса, Кенесары көшесінің үш бөлігінде сырғанауға қарсы эффектімен қызыл жолақтар салынды. ЖПҚ басшысының сөзінше, бұл участкелердегі тоқтау жолы үш есеге қысқарады. Жыл соңына дейін мұндай жолақтар қаланың басқа да көшелерінде пайда болады.