$ 441.66  475.14  4.86

Павлодарда бал арасын тасымалдайтын көлік аударылып, жәндіктер адамдарға шабуылдады

Бүгін таңертең Павлодарда араларды ұясымен тасымалдаған «КамАЗ» көлігі аударылды, деп жазады Қазақпарат. Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

«Бүгін таңертең «КамАЗ»-дың тіркемесі ажыратылып, аударылған. Ол «Мерседес» көлігін жанап өткен. Салдарынан неміс көлігін тізгіндеген азаматты ара шаққан. Аралардың шабуылына сондай-ақ  бірнеше жүргізуші тап болды. Толық әрі нақты ақпарат арнайы топтың жұмысы аяқталған соң белгілі болады», - деді ІІБ баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары