$ 498.34  519.72  4.85

Келер жылы Астанада 150 ескі үй сүріледі

2018 жылдың қаңтар айында Астанада «Апатты үйлерді сүріп тастау» пилоттық жобасының екінші кезеңі басталады, деп хабарлады әкімдіктің медиа орталығы.

Жоспарланғандай, келесі жылы елордада 150 көппәтерлі ескі үй сүріліп тасталады, соған орай 600 шаршы метрлік 8500 пәтер пайдалануға беріледі. Апатты үйлердің иелеріне бұрынғы ескі пәтердің орнына сүріліп тасталған үйдің аумағына сәйкестендірілген баспана берілетін болады.

«Бұл 1940-1980 жылдар аралығында салынған негізгі құрылыс құрылғылары және инженерлік жүйелер әбден тозған үйлер. Ол үйлер адам өміріне қауіп төндіреді деп танылып, әрі қарай онда тұруға рұқсат етілмеді. Сол себептен де сүріп тастауға жатады. Пилоттық жобаның шарттары бойынша үйлердің иелеріне сүріліп тасталған үйдің аумағына сәйкестендірілген баспана берілетін болады», - деді қалалық тұрғын-үй басқармасының басшысы Асхат Елеужанов.

Жыл соңына дейін елордада «Апатты үйлерді сүріп тастау» пилоттық жобасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша 228 үйді сүріп тастау жоспарлануда. Сүріп тастауға жататын үйлердің көбісі қаланың оң жағалауында орналасқан: «Сарыарқа» ауданында – 124 үй, «Алматы» ауданында – 82 және «Есіл» ауданында – 22 үй бар.

3500-ден астам отбасы жаңа пәтерлерге қоныс аударады. Ал, бүгінге дейін 1570 отбасы 117 апатты үйдің тұрғындары көшіріліп біткен.

Қалған апатты 111 үйдің тұрғындары 2017 жылдың ішінде көшірілетін болады: жыл соңына дейін оларға 1850 пәтер беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары