$ 446.49  475.38  4.79

ОҚО-да ірі жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында ірі жол көлік оқиғасынан 5 бірдей адам қайтыс болды деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Оқиға 23 тамыз күні сағат шамамен 20:00-де Шымкент-Шаян тас жолында орын алған.

Полицейлердің мәліметінше, «Ауди» және «Мерседес» автокөліктері бетпе-бет соқтығысыпты. Оқиға орнында 4 адам, ауруханада тағы бір адам көз жұмған. Қайтыс болғандар қатарында 5 және 1 жасар сәбилер де бар.

Сондай-ақ, «Ауди» автокөлігінің жолаушылары 1982, 1988, 2010, 2011 жылғы және «Мерседес» автокөлігінің 1965 жылғы жүргізушісі әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Олар ОҚО және Жамбыл облысының тұрғындары.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345-бабымен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары