$ 498.34  519.72  4.85

Ресейде автобус теңізге құлап, 18 адам қайтыс болды

Ресейдің Кубань қаласында жұмысшыларды тасымалдайтын автобус теңізге құлап, салдарынан 18 адам қайтыс болды деп жазады РИА Новости.

Оқиға жұма күні орын алған. "Таманьнефтегаз" компаниясының жұмысшыларын тасымалдаған автобус теңізге аударылып кетіп, ішінде болған 50 адамның 18-і қайтыс болды. Бұған дейін 17 адам көз жұмды деген ақпарат тараған болатын. Алайда, бүгін таңертең құтқарушылар із-түссіз жоғалған бір жұмысшының мәйітін су астынан алып шықты.

Бүгін Краснодар аймағында қаралы күн жарияланған. Жергілікті билік қаза болғандардың отбасына 1 миллион рубль көлемінде жәрдемақы беретінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары