Ал Республиканың батысы фронтальды ауа ағынының ықпалында болады. Бұл аймақта қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Ақмола, Маңғыстау облыстарында да желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Алакөл аумағында жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады.
Қостанай облысында кей жерлерде жел екпіні 18 м/с, түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, желдің жылдамдығы 17-22 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде ‒ тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні ‒ 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшеюі күтіледі ‒ 15-20 м/с, бұрқасын болады.