Жаңалықтар   31.08.2017   сағат   10:16     599

Құрбан айт мерекесінің құрметіне елордада «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа-орталығы.

Құрбан айт мерекесінің құрметіне елордада «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды

Оның аясында көрермендерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілді нұсқаларының 55 данасы ұсынылады.

Аталмыш көрменің басты ерекшелігі – Кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптардың,  XVIII-XIX ғғ. жазылған түпнұсқа қолжазбалардың көрсетілуінде.

Олардың көбісі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа өзге мемлекет өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде тарту етілген. Әр кітап мұқабасының сыртқы келбеті көркемдік, зергерлік және каллиграфиялық шеберлікпен ерекшеленеді.

Ашық ғарышта, «Мир» халықаралық ғарыш бекетінде болған Құран басылымы топтамадағы ерекше жәдігерлердің бірі.  Оны Мемлекет басшысына отандық ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан.

Соңғы жаңалықтар