$ 447.4  477.55  4.76

Астанада қазақтар мен үндістердің төбелесінен кейін 8 адам қамауға алынды

Кеше Астанада "Абу-Даби Плаза" кешенін салып жатқан Үндістан азаматтары мен Қазақстан азаматтары арасында төбелес болып, бірнеше адам жараланды. Осы жайттан кейін жергілікті полиция өкілдері 8 адамды ұстаған деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметінше, төбелес тұрмыстық сипатқа ие. Үндіс жұмысшылары жатақханаға кіргізу бекетіндегі күзеттен өте алмай, күзетшілерді ұрған. Алайда, төбелестен қазақ емес, үндістандықтардың зардап шеккені ғана айтылып отыр.

Оқиға орнына Астана әкімі Әсет Исекешевтен бастап бүкіл күштік құрылым өкілдері түгел жетіп, жиналған халықты сабырға шақырды, үлкен жанжалдың алдын алды. Алайда, кейбір азаматтар жағдайы ушықтырғысы келген көрінеді. Оларды ішкі істер департаментінің өкілдері ұстап, 8 азаматты уақытша қамаса, қалғандарын түсіндіру жұмыстарынан кейін босатып жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары