$ 447.4  477.55  4.76

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде бүгін қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел, боран соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел күші –15-20 м/с, күндіз бұрқасындатады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, күндіз боран соғады.

Ақмола, Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен боранды жел соғады. 

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боранды жел 15-20 м/с-қа дейн күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде боран соғады, күндіз жел күші –15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары