$ 448.89  477.93  4.76

БҚО-да полицей 27 жастағы жігітті ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Январцево елді мекенінде полицей Эдуард Габбасов 27 жастағы жігітті ұрып өлтірді, деп хабарлайды, Skifnews.kz облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

Тәртіп сақшысы аталған қылмысқа қатысы бар екенін бірден мойындамаған. 

8 қаңтар күні түнде учаскелік полиция капитанының көмекшісі Габбасов полиция бөліміне қоңырау шалып, үйінің алдында қанға бөккен ер адам жатқанын хабарлаған. Өзінің айтуынша, жәбірленушіні үйіне кіргізіп, дереу дәрігер шақыруға шығып кетеді. Қайтып келгенде, жігіттің демі үзіліп кеткенін көріпті. 

Дегенмен екі тәуліктен кейін қанды қылмыс айғақ заттармен дәлелденіп, күдікті кінәсін мойындады. 

«Габбасов үй ауласында марқұммен сөзге келіп қалғанын айтты. Олар төбелескен. Содан кейін зардап шегушіні үйіне сүйреп кіргізген», ̶  деп атап өтті БҚО ІІД бастығының орынбасары Берік Өтеулин. 

Полицейлер қаза тапқан 27 жастағы Александр Бегун екенін хабарлады. Жұмыссыз жігіт кейде полицейдің үй шаруасына көмектесіп, тиын-тебен тапқан екен. 

Эдуард Габбасов полицияда 1993 жылдан бері қызмет еткен. Білетіндер қызуқанды адам болғанын айтады. Қазіргі таңда оған кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары