Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада және Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.
«13-14 қаңтарда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан қатты жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі», − делінген хабарламада.
Ал, Астана қаласында 13-14 қаңтарда оңтүстік-батыстан қатты жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді деп болжануда.