Индонезияның іздеу топтары желтоқсан айының соңында апатқа ұшыраған AirAsia әуе компаниясы ұшағының екінші «қара жәшігін» тапты, деп хабарлайды BBC.
Индонезия ұлттық көліктегі қауіпсіздік комитеті басшысының хабарлауынша, қазіргі таңда сүңгуірлер «қара жәшікті» жер бетіне шығаруға тырысуда.
Бірнеше сағат бұрын теңіз түбінен ұшақтың бірінші «қара жәшігі» жер бетіне шығарылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Airbus әуе лайнері 28 желтоқсанда апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 162 адам мерт болды.