$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанның басым аумағында қар жауып, жел күшейеді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Қазгидромет» РКМ-ның хабарлауынша, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. 

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. 

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел соғады. 

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде желдің күші 15,-20, күндіз де 15-20 м/с-ті құрайды, екпіні 25 м/с-ке жетеді деп күтілуде. 

Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, түнде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с-ке жетеді. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болады. 

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. 

Атырау облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары