$ 498.34  519.72  4.85

2014 жылы 1200-ден астам сотталушы некесін қиды

Өткен жылы ҚР ҚАЖ мекемелерінде 1200-ден астам неке қиылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің (ҚАЖ) комитетіне cілтеме жасап.

«Жалпы неке қию жазасын өтеушілерге оң әсер етеді. Оларды заңды бұзбай, бостандыққа тезірек шығуларына ынталандырады. Соңғы екі жылда олардың неке қиюлары есебінен бірқатар мәселелер де өз шешімін тапты»,  ̶  деп атап өтті ҚАЖ Комитетінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бастығы Марат Таласбаев.

2014 жылы қиылған некелердің саны бойынша Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының түзету мекемелері көш бастап тұр. 2015 жылдың басынан АХАЖ органдары ҚАЖ мекемелерінде 14 неке қиды»,  ̶  деді М. Таласбаев. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары