$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде 150 мыңнан астам азамат қоғамдық тәртіпті бұзған

2014 жылы Ақтөбе облысының әкімшілік полициясының қызметкерлері қоғамдық орындарда мас күйінде жүріп, темекі тұқылдарын тастаған азаматтарды жазаға тартқан. Олар 12 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеген, деп хабарлайды Skifnews.kz аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның ішінде қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішіп, мас күйінде жүрудің жеті мыңға жуық фактісі, бес мыңнан астам ұзақ бұзақылық жасау анықталды, соның үш мыңнан астамы қоғамдық орындарды, саябақтарды ластаумен, коммуналдық қоқыстарды тастаумен байланысты. 

Қоғамдық орындарда темекі шегуге салынған тыйымды бұзғаны үшін облыстың екі мыңнан астам тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Сотқа төрт мыңнан астам әкімшілік материалдар жіберіліп, сол бойынша сот шешімімен екі мыңнан астам бұзушылар 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынған. 

Барлық құқық бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам айыппұл төленді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары