Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Қазгидромет» РКМ-ның хабарлауынша, Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, түнде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке дейін, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады.
Маңғыстау облысында тұман түседі деп күтілуде.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады деп болжануда.
Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғады.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, түнде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с-ті құрайды.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтілуде, бұл аймақтарда да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.