$ 444.22  476.38  4.82

Павлодарда апалы-сіңлі қыздарды трамвай қағып кетіп, біреуі қайтыс болды

Павлодарда екі оқушы қызды трамвай қағып кетіп, олардың бірі алған ауыр дене жарақаты салдарынан қайтыс болды. Қыздар апалы-сіңлі болған. Оқиға орнынан түсірілген фотокадрлар Instagram әлеуметтік желісіндегі @tipavlo парақшасында жарияланды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Оразалиннің айтуынша, оқиға бүгін таңертең сағат 7:43-те орын алған.

"Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кетті. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөлімінде бізде жатыр, жағдайы аса ауыр", - деп хабарлады ол. 

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған. Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады.

"Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары