$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте 26 жастағы әйел 1,5 жасар сәбимен бірге жоғалып кетті

Шымкенттік полицейлер 1,5 жастағы Жания Сапарбай мен оның нағашы әпкесі 26 жастағы Маржан Қозыбаеваға іздеу салды.

Абай аудандық ІІБ-ге Шымкент 6 қыркүйек күні қаласының 1994 жылғы тұрғыны арызданып келген. Оның кішкентай қызын әпкесі Маржан Қозыбаева белгісіз жаққа алып кетіп, қайта оралмаған. Маржан науқас, оның ақыл-есінің кемістігі бар дейді шағымданған келіншек.

Сәбидің бойы 50-55 см, арық денелі, қысқа қара шашты, қасы-көзі қара түсті. Үстінде көк түсті футболка болған.

Ал, Маржан Қозыбаеваның бойы 150-155 см, толық денелі, қысқа қара шашты, қасы мен көзі де қара түсті. Үстінде қара футболка мен көк түсті джинсы шалбар және қара туфли болған.

Қазіргі таңда оңтүстікқазақстандық полицейлер жоғалып кеткен әйел мен кішкентай қызды табу үшін шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары