$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте ірі жол апаты орын алып, Өзбекстан азаматтары зардап шекті

Оқиға 7 қыркүйек күні таңғы сағат 5:30 шамасында орын алған. Әуезов пен Әлібеков көшелерінің қиылысында жоғары жылдамдықпен жүйіткіген «БМВ» автокөлігі «Нексия» көлігімен соқтығысып, салдарынан 1 адам қайтыс болды. Тағы 3 адам ауыр дене жарақаттарын алған.

«Нексия» көлігін тізгіндеген 1984 жылғы ОҚО тұрғыны Өзбекстанның үш азаматын тасымалдаған екен. Апат салдарынан 1990 жылы туған олардың бірі қайтыс болды. Онымен құрдас қалған екеуі және жүргізушінің өзі түрлі дене жарақаттарын алған. Ал, «БМВ» автокөлігін тізгіндеген 24 жастағы жігіт аман.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары