$ 498.34  519.72  4.85

Талқықорғанда «женгетайлық желісін» құрған қылмыстық топ құрықталды

Алматы облысында құқық қорғаушылар жас қыздарды шетелдегі бордельдерге тартқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының оперативтік қызметкерлері операцияны іске асыру үшін соңғы айлар бойы дайындық жүргізген. 

ІІД ҰҚКБ қызметкерлеріне келіп түскен жедел ақпаратқа сәйскес, өңірде жас қыздарды жыныстық қызметке тарту үшін алыс шет елдерге алып кетумен айналысқан қылмыстық топ әрекет еткен. 

Облыстық полициядан мәлімдегендей, қылмыскерлер адам тартумен тек Талдықорғанда ғана емес, облыстың өзге де өңірлерінде айналысыпты. 

Көбінесе қылмыстық топтың таңдауы сары шашты мен еуропалық ұлтты қыздарға түскен. 

Қыздарды табуға және оларды өз мақсаттарына пайдалану үшін шетелге тартуға жәрдем кеткен қонақ үйлердің, сауна мен монша кешендерінің әкімшілеріне күдіктілер 300-400 доллардан төлепті. 

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Күдікті тұлғалардың арасында 29 және 43 жастағы үш отандасымыз бар, олардың екеуін құқық қорғау органдары қолға түсірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары