$ 498.34  519.72  4.85

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында күн ашық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ал  басқа аумақтарда атмосфералық ағындардың өтуінен қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында да кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Маңғыстау  облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде 18 м/с  жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз тұман түсуі ықтимал, көктайғақ. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары