Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында күн ашық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ал басқа аумақтарда атмосфералық ағындардың өтуінен қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында да кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз тұман түсуі ықтимал, көктайғақ.