$ 443.85  474.3  4.8

Көкшетауда үй өртеніп, кішкентай екі бала мен ересек әйел көз жұмды

Көкшетауда жеке тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан екі бала мен бір әйел қаза тапты, өрт себебі анықталып жатыр деп жазады sputniknews.kz, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 қыркүйек күні Көкшетау Қуанышев көшесі, 50 мекенжайы бойынша жеке үйден өрт шыққан.

"Өрт орнында 55 жастағы әйел адамның, 1,5 жастағы сәби мен сегіз жасар баланы денелері табылды. Тағы бір бір жарым жасар бала мен 1956 жастағы ер адамға иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды",- деп мәлімет берді ТЖД.

Өрт себептері анықталуда. Өрт шыққан кезде балалардың анасы жұмыста болған. Бір жарым жасар балалар егіздер екені белгілі. Балалардың қасында атасы мен әжесі болыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары