$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде 2018 жыл «Өзбекстан жылы» деп жарияланды

Өзбекстан мен Қазақстан президенттерінің кездесуінде осындай шешім қабылданған деп жазады centralasian.org. Еске салайық, қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 қыркүйекте Өзбекстанға сапарлады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңызды екенін айтты.

– Біздің тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздың маңызды факторы болып саналады. Біз 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге келістік. Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу де күн тәртібінде тұр. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар бауырлас халықтарымыздың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның Өзбекстандағы жылы 2019 жылы өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары