$ 443.37  474.49  4.83

Өзбекстанда мұғалімдерге мақта тергізу науқаны басталды

Өзбекстанда әдеттегідей жыл сайынғы науқан бойынша мектеп, лицей және колледж мұғалімдерін мақта теруге шығарып жатыр деп жазады Азаттық тілшілері.

Аты-жөнін айтпауын сұраған мектеп мұғалімдерінің бірі мектеп, лицей тәлімгерлерін он топқа бөліп, кезекпенен мақта алқабына шығарып жатқанын айтады.

"Бірінші топ 10 күнге аттанды. Олардың ішінде 50-55 жастағы әйелдер де бар. Олар түнеуге қала алмайды. Күнделікті жергілікті таксистермен келісіп, үйлеріне барып-келіп жүр", - дейді ол.

Балалар бақшасының тәрбиелеушілері де жаппай мақта теруге шығып жатыр екен. Дереккөздің хабарлауынша, балаларды қарауға тек бір ғана тәрбиеші қалатын көрінеді.

Ал жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша, егер олар да мақта теруге шықпаса, аудандық әкімшілікке өтемақы төлейді екен.

"Бізге келіп айтты, не сендер барасыңдар, не болмаса әрқайсысың 300-350 мың сум (37-43 АҚШ доллары шамасында) ақша төлейсіңдер деді. Ал біз жұмысты тастап кете алмаймыз. Сол үшін амалсыздан ақша төлейміз",- дейді самарқандық кәсіпкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары