Жаңалықтар 19.09.2017 сағат 09:10  1026

Шымкентте "сақалдылардың" ескі телефон сататын жерінде арнайы операция жүргізілді (ВИДЕО)

Шымкенттің Тәуке хан мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан "Гарант" дүкенінің алдында полицейлер арнайы операция жүргізіп, бірнеше адамды ұстап әкетті деп жазады жергілікті Otyrar.kz порталы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталған дүкен алдында сақалы ұзын, балағы қысқа ер азаматтардың ескі ұялы телефондарды сатумен айналысатыны шымкенттіктердің көпшілігіне мәлім. Алайда, полицейлердің кімді ұстағаны әлі белгісіз. Арнайы операция не үшін жүргізілгені туралы да ақпарат жоқ. Белгілісі, мұнда ұрланған мобильді телефондардың да сатылатыны.

Айта кету керек, дәл осы аймақта "тазалау" жұмыстарымен ішкі істер органдары бұған дейін де бірнеше рет айналысқан. Тіпті, Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін әкімдік өкілдерінің өздері келіп, дін ұстанушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп кеткен болатын.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар