$ 446.49  475.38  4.79

Өзбек имамдары өз уағыздарында халықты мақта теруге шақыруда

Өзбекстанда Әндіжан облысының әкімі жиналыста аудан имамдарына тұрғындарды мақта теруге уағыз арқылы шығаруды тапсырған. Бұл туралы Азаттық тілшілері хабарлап отыр.

Азаттықтың өзбек қызметінің дереккөзіне қарағанда, жиналыста мақта теріміне халықты жұмылдыру мәселесі қаралған. Онда имамдарға 10-15 адамнан тұратын топ құруды тапсырған.

Аты-жөнін айтпауды сұраған имамның бірі соңғы жылдары мақта терімі кезінде әкімшіліктен тапсырма келетіні әдепкі жағдайға арналды дейді. Тек былтыр Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов қайтыс болған кезде ғана имамдарға "тиіспеген".

Әлеуметтік желіні қолданушылар Өзбекстанның басқа аймақтарында да биліктің халықты мақта теруге шығару үшін имамды пайдаланатынын айтып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары