Жаңалықтар 20.09.2017 сағат 04:10  589

Мексикада жер сілкініп, кемі 150 адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Мексикада жойқын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері мемлекеттің бірнеше қаласын қиратқан. Салдарынан 149 адам қайтыс болды деп хабарлады РИА Новости Мексика құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуентеге сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Магнитудасы 7,1 балл болатын жер сілкінісі 19 қыркүйек күні тіркелген. Дүмпу эпицентрі Пуэбла-де-Сарагоса қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 шақырым жерде және Тепеохума елдімекенінен небәрі 8 шақырым жерде орналасқан.

Дүмпулер ел астанасы Мехиконы да шайқап тастады. Мұнда бірнеше ғимарат қирап қалған. Солардың қатарында 7 қабатты тігін фабрикасы да бар. Қазір осы қираған фабриканың астында шамамен 100 адам жатыр. Мехико мэрінің айтуынша, шамамен 70 адам ауруханаға жеткізілген. Бүкіл қалада қазір апат салдарымен күрес жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Мехикода құтқару жұмыстарымен әскерилер де айналысып жатыр. Қалада Malina жоспары жүзеге асырылуда. Ал, жергілікті тұрғындар болса қираған қаланы бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеуге кірісіп кеткен.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар