$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте сот үкімін күтіп отырған күдікті абақтыда асылып өлді

Шымкенттің уақытша ұстау абақтысында  күдікті асылып қалды. 29 жастағы жігіттің мәйітін күзетшілер камерасынан тауып алған деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, сезікті тамыз айында топ болып бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған екен. Ұсталған кезде оның қолында пышақ болған. Ал, үш сыбайласы бұған дейін қолға түсіп, соттың санкциясымен уақытша ұстау абақтысына жабылыпты.

«1988 жылы туған күдіктінің үстінен  Қылмыстық кодекстің 293 бабының 3 бөлігі «Атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған бұзақылық іс-әрекеттер» бойынша іс қозғалған болатын. Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105 «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары