$ 448.56  478.03  4.79

Украина мектептерінде сабақ тек украин тілінде ғана өтетін болды

Украина президенті Петр Порошенко мемлекеттік мектептерде бесінші сыныптан бастап, дәрістердің тек украин тілінде өтуін талап ететін заң жобасына қол қойды де жазады centralasian.org.

Украинада тұратын аз ұлт өкілдері Петр Порошенко қол қойған заң жобасына қарсылықтарын білдіріп отыр. Ресей заң жобасы Жоғарғы радада талқыланып жатқанда, "көп ұлтты мемлекетте моноэтникалық тілді күшпен енгізіп отыр" деп сын айтқан.

Украинада тіл мәселесі өткір болып тұр. Әсіресе елдің шығысында тұратын халық орыс тілінде сөйлейді.

Порошенко қол қойған заң жобасы 2012 жылы сол кездегі президент Виктор Янукович шығарған заңының күшін жояды. Ол заң аз ұлт өкілдеріне өзінің тілінде білім алуға мүмкіндік беріп келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары