$ 444.22  476.38  4.82

Жыл басынан бері Маңғыстау халқының саны 9 мың адамға артқан

Ағымдағы жылдың алғашқы 7 айында Маңғыстау облысы халқының саны 9 мың адамға артқан. Бұл туралы өңірдің сатистика департаментінің мамандары мәлімдеп отыр. Жыл басындағы дерек бойынша, облыста тіркелгендер саны 642 824 адамды құраса, 1 тамыздағы көрсеткіш 647 342-ге жетіп отыр.

Осы уақыт аралығында облыста 9 218 сәби дүниеге келсе, өңірден 183 адам көшіп кеткен екен. Жалпы өсім 1,42 пайызды құрайды.

Айта кетерлігі, Осы 7 ай аралығында Маңғыстау облысындағы қала тұрғындарының саны азайған. Мәселен, жыл басында қалалықтар саны 273 540 адамды құраса, 1 тамызда олардың саны 270 312-ге дейін төмендепті. Әсіресе, Ақтау мен Жаңаөзеннен көшіп кеткендердің саны басым. Атап айтқанда, облыс орталығынан 7 айда 4 мыңға жуық адам өзге өңірлерге қоныс аударса, Жаңаөзеннен кеткендер саны 3,8 мыңнан асады. Ал, қалалардың перзентханаларында 4400 сәби жарыұ дүние есігін ашқан.

Ал, ауыл тұрғындарының санында айтарлықтай өсім байқалады. Жарты жылдан астам уақытта ауылды елдімекендер 12 мыңнан астам тұрғынмен толыққан. Оның ішінде табиғи өсім 4,8 мың адамды құраса, көшіп келгендер саны 7,5 мың адамға жуық.

Жалпы, Маңғыстау облысында халық ең көп шоғырланған елдімекен – Ақтау қаласы (182 316 адам). Екінші орында – Мұнайлы ауданы (148 343 адам), үшінші – Жаңаөзен қаласы (81 906 адам).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары