Жаңалықтар 14.02.2015 сағат 17:44

Ассамблея мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынды

14 ақпан күні Астанада өткен Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесінде осы ұйым төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков елде 2015 жылы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған. Ұсынысын кеңес мүшелері бірауыздан қолдап дауыс берген. Бұл туралы Vласть интернет-басылымы хабарлады. Осы басылымдағы сұхбатында Анатолий Башмаков 2016 жылы ел президенті сайлауы мен парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс сайлауын қатар өткізу «заң жүзінде, белгілі бір жағдайда, қисынсыз» болатынын да айтқан. Сонымен бірге ол «2016 жылы әлемдік қаржы экономикалық дағдарыс шырқау шегіне жетеді» деген сарапшылар болжамын айтып, «ел басшылығы барлық назарын Қазақстан қоғамында, экономикада дағдарысқа жол бермеуге бұруы тиістігін» назарға салды.

Ассамблея кеңесіне Елбасының өзі қатыспаған. Кеңесті Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов басқарған. Кеңеске Ассамблеядан парламентке сайланған 9 депутаттың барлығы қатысып, Башмаковтың ұсынысын бәрі қолдаған.

Skifnews.kz ақпарат

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар