$ 444.22  476.38  4.82

Лас-Вегаста зейнеткер 50-ден астам адамды атып өлтірді (ВИДЕО)

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ер адам концерт көруге келгендерге қарай оқ жаудырды. Салдарынан 50-ден астам адам қаза тауып, тағы 200-ден астамы жараланған.

Полиция күдіктіні атып өлтірді. Белгілі болғандай, ол 64 жастағы жергілікті тұрғын Стивен Пэддок екен. Ол Mandalay Bay Hotel қонақ үйінің 32-қабатынан төмендегі адамдарға қарата автоматты қарумен оқ атқан.

Осы жайттан кейін полиция күдіктінің жанындағы құрбысы мен жол талғамайтын екі көлігін іздестірді. Көп ұзамай табылғанымен, олардың қылмысқа қаншалықты қатысы бар екені айтылмай отыр.

Қазір Мак-Карран атындағы қалалық әуежай уақытша жұмысын тоқтатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары