$ 498.34  519.72  4.85

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс қаралды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысы қаралды.

Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған депутаттар Нұрсұлтан Назарбаевтың атына 2015 жылы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу ұсынысы бар үндеу жариялады. Өзге депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов: «Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама жасады. Осыған ұқсас ұсыныстар Парламентке еліміздің барлық өңірлерінде тұрып жатқан сайлаушылардан және халықтың түрлі әлеуметтік топтарынан бірнеше мәрте түскен болатын. Бұл бастама еліміздегі саяси партиялар тарапынан, азаматтық қоғам институттарынан, жастар мен кәсіпкерлер қауымдастығынан да қолдау тапты. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы қоғамдық пікір Қазақстанға да әсер етпей қоймайтын объективті геосаяси және сыртқы саясаттағы жағдайларға байланысты болып табылады», – деді. Үндеуде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлау қазақ елін даму жолына бастайтындығына сенімі білдірілді.

 Skifnews.kz ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары