Жаңалықтар 13.10.2017 сағат 10:40

«Сергек» бейнебақылау камералары 13 күнде 3435 құқықбұзушылықты анықтады

Қазан айы басталған уақыттан бері Астанада орнатылған «Сергек» бейнебақылау камералары 3435 ереже бұзушылықты анықтапты. Оның ішінде мыңға жуығы жол қозғалысы ережелеріне қатысты бұзылған деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Астанада қазан айынан бастап «Сергек» бейнебақылау жүйесі камерасының көмегімен 3435 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды медиа орталықтың тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Оның ішінде 1 мыңға жуығы жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі, 345-і қоғамдық орындарда киілігіп тиісу, 299 қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішкен, жүзге жуығы кішігірім бұзақылық, 1720 – басқа құқық бұзушылықтар.

«Айдың басында бейнебақылау камерасының көмегімен «Рамстор» супермаркетінің маңайындағы көпірдің аркасына үш жігіттің бұзақылық әрекетпен шықпақ болғанын байқадық. Полицейлер кәмелет жасына толмаған (13 жасар) үшеуді анықтап, жасөспірімдермен сөйлесу үшін оларды «Сарыарқа» аудандық ІІБ жеткізді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - дейді полициядағылар.

Бұдан басқа, ІІД басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасының көмегімен 24 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау оқиғалары тіркелген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар