$ 445.66  474.58  4.78

Сомалиде алапат жарылыс болып, 189 адам қаза тапты (ВИДЕО)

14 қазан күні Сомали астанасы Могадишо қаласында алапат жарылыс болды. Оқиға Ходан ауданындағы қонақ үй жанында орын алған. Жергілікті полицейлер оқиғаны теракт деп бағалап отыр. Өйткені, жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылған деп жазады Rt.com.

Оқиға салдарынан 189 адам қаза тапты. Бұл туралы Associated Press агенттігіне жергілікті полицейлер хабарлаған.

"Сомали тарихындағы ең ірі жарылыстардың бірінен көз жұмған адамдар саны 189-ға жетті. Тағы 200-ден астам адам түрлі дене жарақаттарын алған", - деп жазды Associated Press агенттігі.

Дәл осы күні қаланың Медина ауданында да лаңкестік оқиға орын алды. Жарылыстан екі адам жараланған. Әзірге лаңкестік ұйымдардың ешбірі бұл терактіні мойындарына алған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео