$ 446.49  475.38  4.79

Головкин әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Орта салмақтағы WBA/IBO/WBC Interim нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Монакода өткен сайыста қарсыласы Мартин Мюррейдi техникалық нокаутпен жеңді. Қазақстандық Геннадий Головкин  Кәсіпқой бокста 32 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен. Ұлыбританиялық Мартин Мюррей 32 кездесу өткізіп, 29-ында жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, екеуінде жеңілген. Головкин әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA, IBO және WBC версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғауына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.  «Қазақстандықтар сенің әрбір табысыңа қуанады. Біз сенің келесі жекпе-жектерің де отандық спорттың мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне, өскелең ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз», - делінген жеделхатта.

Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаңа жеңістер тіледі.

Skifnews.kz ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары