$ 444.22  476.38  4.82

Кезектен тыс өтетін сайлауға FACEBOOK не дейді?

 Кезектен тыс өтетін президент сайлауы қоғамда түрлі аңыс қозғап,  саясаткерлер мен журналистердің әртүрлі пікіріне арқау болды. Саясаткерлер мен журналитердің FACEBOOK парақшаларында жарияланған пікірлерін назарларыңызға ұсындық.    

Әміржан ҚОСАНОВ, саясаткер:

- Теледидардан «Побег из Шоушенка» деген классикалық фильмді көріп отырмын. Қарап шығыңыздар!
Сонда өмір бойы түрмеде отырып, қартайған шағында бостандыққа шыққан Брукс атты шал соншама жыл бойы еті үйренген түрме тәртібі, тамағы, қарауылысыз өмір сүре алмай, ақырында асылып өледі.
Ширек ғасыр бойына басқа жүйе, басқа билік, басқа мүмкіндіктерді көрмей өсіп, бүгінгі жағдайды өзгерткісі келмейтін кейбір адамдар маған сол Брукс шалды еске салады...

 Ғалым БОҚАШ, шығыстанушы:

- "Мерзімінен бұрын болатын құбылысты" тамашалап жүріп комсомол буыны зейнет жасына таяды, пионер буынының шашына ақ кіре бастады, ал тәуелсіздік буынының алды бала сүйіп үлгерді. Енді бұларды "мерзімі өткен құбылыстың" болатынына сендіру өте қиын.

Қасым АМАНЖОЛҰЛЫ, журналист:

- Сайлау туралы жазу көңілсіз... Бірақ, бәрібір қарапайым бір сұрақ мазалайды. Мәселен, билік бізден, яғни қарапайым ел азаматтарынан заңды орындауды талап етеді. Заң бұзсақ жазалайды. Жөн. Барлық елде солай. Солай болуға да тиіс. Ал өздері, билік, яғни Мәжіліс, Сенат, т,б. бірігіп алып бір апта болды ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңының 51-бабын бұзуға көпе-көрнеу шақыруда. Заң шығарушы органның анау-мынау емес, Конституциялық Заңды бұзуға шақыруы қаншалықты құқықты дүние? Мемлекеттіліктің негізі - КОНСТИТУЦИЯНЫ, ЗАҢДЫ бұзғанға арланбаудан асқан саяси азғындық жоқ шығар..

Серік ӘБІКЕН, журналист:

- Кезектен тыс "сайлауға" 5 200 000 000 теңге керек?! Долларға шақсақ 27 957 000! Бұған 350 отбасына баспана алып беруге болады екен! Ал, келер жылы 8-9 миллиард парламент "сайлауына" кетеді. Елді білмеймін, ал анау жақта ДАҒДАРЫС жоғы анық.

Қанат ТІЛЕУХАН, журналист:

- 1991 жылы Нұрсұлтан Назарбаев жалғыз кандидат еді. Биыл қалай болады екен... Ескірмейтін бір кандидат Мэлс Елеусізов "ер кезегі үш" дегенді айтты. Айтпақшы, өткен сайлауда ән салып, Мырзатай Жолдасбековті "таңқалдырған" екінші әртіс Ғани Қасымовты да іздеп отырғанымызды неге жасырайық. Айтпақшы, кеше біздің әріптестер Амантай қажыға барды. "Аттан, Қазақстан" жетекшісі осы жолы саяси додаға түсуге тағы талаптанбақ екен. Астанадан Сәлім Өтен де осы жолы қамданса дейміз. Біздің Елбасы қарсыласқа жарымады. Не дейміз... Өз тарапымнан президенттік сайлауға Қайрат Нұртас және Қалқаман Саринді ұсынар едім. Хоть сол кезде қызу тартыс болар еді.

 

Skifnews.kz ақпарат

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары