$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбеде полицейлер б/у телефон сататындарды жаппай ұстап жатыр

Ақтөбедегі «Астана» сауда үйі мен базарда телефон сатып, сатып алып жүрген адамдар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі базар маңына бір сәтте жергілікті полиция қызметі мен арнайы жасақ жетті. Базар сырты мен ішінде телефон сатып, сатып алып, жөндеу жүргізетіндердің бәрін көлікке мінгізді. Ақтөбе қалалық әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілген ақпаратқа сүйенсек, Жергілікті полиция қызметі ұрланған электронды техникаларды, соның ішінде телефон, планшеттерді анықтау мақсатында ұстау шарасы өткен.  «Жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан ұрланған электрондық теxниканы(ұялы телефондар және т.б.) сатып алуы мүмкін деген күдікті азаматтарды тексеру іс-шаралары жүзеге асырылды. Барлық іс-шаралар заң шеңберінде өтті»,- деп хабарлады жергілікті әкімдік.

Еске салайық, осыдан бірер ай бұрын Шымкентте де полицейлер ескі телефондарды сатумен айналысатын бір топ ер азаматты ұстаған болатын. Кейінірек анықталғаны, ұсталғандар сататын ұялы телефондарына теріс діни ағымдардың уағыздарын жүктеп, арзан бағада саудалап отырған екен. Оларға діни экстремизммен айналысты және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыптар тағылды. 

Ал, Ақтөбеде күдікке ілінген сатушыларға әзірге қандай айып тағылғаны белгісіз. Белгілісі, осы сауда орталығында ескі ұялы телефон сатушылар арасында "діндарар" көп. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары