$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

Алматы полициясы әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, көлік қара түсті, болжам бойынша, маркасы Lexus, шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Емцрв көшесімен қиылыста 1964 жылы туған әйелді қағып кетеді.

Ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қаза тапты. Автокөлік жол апаты болған жерден қашып кетті.

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап, қашып кеткен жүргізушіні іздейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары