$ 498.34  519.72  4.85

Қытай жемқорлығы әлем назарында

 

Қытай журналисі И Чинь қазіргі Қытайдағы сыбайлас жемқорлық әлем жұртшылығының назарын бұрғандығын айтады.

Ол «бұрын Қытайдың жемқорлыққа қарсы тұру  мәселесі жайлы Батыс  ақпараттары көп  ештеңе айтпайтын.  Қазір бұл  тақырыпқа жиі назар аударып, арнаулы мәлімдеме жасайтын болды. 2014 жылдан  бері Батыс ақпарат құралдары Қытайдағы сыбайлас жемқорлық туралы жарыса жазып жатыр. Демек, Қытай жемқорлық жайлаған елге айналып, тарихта болмаған  «рекорд» жасап отырғаны айдан анық. Қытайдың жемқорлығы ел ішін ғана емес, дүние жүзін де бей-жай қалтырмады. Сондықтан  шетелдерде бұл мәселе туралы қалыптасқан пікірлерге кедергі бола алмаймыз» дейді.

Ол және Dilypost газеті қытай тілді ақпарат көздеріне сілтеме келтіріп жариялаған мақаладан үзінді келтірген. «Қытай әскери басшылары әскери стратегияға жай қарап, рахатқұмарлыққа берілді. Олардың көкейін тескен әскери  істердің қыр-сыры емес, көне бұйымдар, әйгілі суреттер мен хаткерлік туындылар, бағалы тастар... Егер  соғыс бола қалса, олар  соғыс жүргізгенді қойып, соғыс жағдайына бейімделуінің өзі қиын» деген үзіндіні қытай оқырмандарының назарына салады.

Қытай үкіметі 2014 жылы 5 желтоқсанда Америкада бойтасалап жүрген жүзден астам сыбайлас жемқорлықпен айналысқан адамдардың аты-жөнін жариялаған. Қытайдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі елдің өз ішінде ғана жалғасып қалмастан, Корея, Ресей, Сингапур және Америка, Еуропа құрлығына қашып барған, жемқорлыққа қатысы бар азаматтарды да шарпыған. Соңғы жарты жылда шетелге қашқан 700-ден астам қылмыскерді еліне қайтараған қытай, экономикасына  500 миллион доллар құйған. Қытайда соңғы 3 жылдан бері қатты қарқын алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес чиновниктердің ашу-ызасын тудырса керек. Айтуларға қарағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске наразы кейбір қытай чиновниктері «біздің аста-төк, ырғын тұрмыс кешіруімізге кедергі жасалып, соңымызға шам алып түсетіндер көбейсе, қызметті қалай істейміз» дейтін көрінеді.    

 

Ырысбек ДӘБЕЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары