$ 498.34  519.72  4.85

Борис Немцовқа қастандық жасалды

Ресей президенті Путиннің саясатын ашық сынап жүрген, белді оппозиционер Борис Немцовқа жұма күні кешкісін Мәскеуде қастандық жасалып, 55 жасында көз жұмды. Саясеткерге жасалған қастандық туралы мәскеулік құқық қорғау органдары хабарлап, ақ түсті жеңіл көліктен атылған алты оқтың төртеуі тигенін растады.

Саясаткердің оққа ұшып, мерт болғаны жайындағы алғашқы хабарды оның әріптесі Илья Яшин Фейсбукатағы парақшасында жазған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Владимир Путин Борис Немцовқа қастандық жасаушыларды айыптайды, бұл өлімде қастандық және арандату сипаттары бар деп санайтынын» мәлімдеді.  Көптеген Батыс саясаткерлері Немцовқа жасалған қастандықты айыптап, саясаткердің қазасына көңіл білдіріп үлгерді.

Борис Немцов «Солидарность» қоғамдық қозғалысының тең төрағаларының бірі болған еді. Ол кезінде Нижегородск облысының губернаторы, РФ Үкіметінде Энергетика және жанар-жағармай министрі болған.

 

Skifnews.kz ақпарат

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары