$ 443.85  474.3  4.8

Ағылшын ханзадасы Қытайға барды

 Senkazakh.com сайтының хабарлауынша, соңғы 30 жылдан бері Қытаймен барыс-келісі болмаған ағылшын патшайымы ІІ Елизавета әулетінің ханзадасы Уильям тұңғыш рет сол елге барған.

Жексенбі күні кешкісін Жапониядан Қытайға сапар шеккен ханзада мұнда 4-наурызға дейін болмақ. Уильям ханзада қазірдің өзінде ҚХР төрағасы Си  Цзиньпиннің қабылдауында болды. Енді халқы тығыз орналасқан Шанхай мен Юньнань провинциясына баруды жоспарлаған.   Сондай-ақ, осы сапар нәтижесінде ҚХР басшысы ІІ Елизавета ханшайымның Англияға шақыруын да қабыл алғаны белгілі болған. Әзірге Қытай басшысының Англияға қашан баратыны туралы ақпарат жоқ.

Естеріңізде болса, 2011 жылы ҚХР басшысы Ху Цзиньтаодың Америкаға барып, АҚШ президенті Барак Обамамен кездескен сапары да, соңғы отыз жылда Америкаға барған Қытай жетекшісінің маңызды сапары саналған еді. Қытай адам құқықтары тұрғысынан көп істер атқару керек деп қарайтын Батыс пен АҚШ маңызды кездесулердің тақырыбын үнемі сол арнаға бұратын.  

 

Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары