$ 498.34  519.72  4.85

Франция соты Әблязовты экстрадициялайтын болды

БТА банкінің бұрынғы басшысы, оппозициялық саясаткер 2013 жылы жазда Францияда ұсталып, әлі күнге дейін сонда қамауда отырған Мұхтар Әблязовтың өзін экстрадициялау туралы шешімге қатысты шағымын Францияның кассациялық соты қабылдамады. Енді сот БТА банкінің бұрынғы басшысының қай елге - Ресейге немесе Украинаға берілетіні туралы шешім қабылдайды.

 2014 жылдың қаңтарында төменгі инстанциядағы сот Мұхтар Әблязовтың   экстрадициялауды қолдады, бірақ сәуір айында кассациялық сот бұл шешімнің күшін жойды. Іс Лионның апелляциялық сотында қаралды, ол да банкирді беру туралы сұранымды қанағаттандыруды ұсынып, Ресейге басымдық берілетінін мәлімдеген.

Адвокаттары егер Әблязовты Ресей немесе Украинаға тапсырылатын болса, олар оны Қазақстанға беруі мүмкін екенін, Қазақстанда оны саяси көзқарасы үшін  азаптау күтіп тұрғанын айтады.

Ресей бұрынғы банкирге «алаяқтық, жалған құжаттар әзірлеу, лауазымын асыра пайдалану, қаржы жымқырған, көптеген заңбұзушылық жасады» деген айып тағады. Қазақстан «Мұхтар Әблязов 6 миллиард доллардан астам сома жымқырған» деп айыптайды. Ол Қазақстанға әкелінсе мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары