$ 498.51  522.84  4.81

Қазақстан әлемдегі ең жолы нашар елдердің қатарына енді

«Нұрлы жол» бағдарламасын әзірлеп, оны жаппай талқылап, қолдап жүргенімізде, Қазақстан әлемдегі жолдары ең сапасыз елдердің қатарына қосылды.

Бүкіләлемдік экономикалық форумының бәсекеге қабілетті елдер арасында жүргізген зерттеуіне сәйкес, еліміз жолдардың сапасы жөнінен 115-ші орынға әзер ілінген. Сапасы сын көтермейтін жолдары бар Ресей әупірімдеп жүріп Қазақстанан бір саты жоғары орналасқан. Ал, Біріккен Араб әмірлігі тақтайдай жолдарымен 1-ші орын, Сингапур 2, Швейцария үздік үштікті түйіндеген. Тізімде барлығы 137 елдің бар екенін айта кетейік.

Жүргізушілердің құқығын қорғап жүрген Руслан Лазутаның айтуынша, Қазақстанның әлемдік рейтингте соңғы орындардан көрінуі тегіннен тегін емес. Себебі, еліміздің қай түпкіріне бармаңыз, сапасы сын көтермейтін жолды кезіктіресіз дейді ол. Оның пікірінше, Қазақстандағы жолдардың сапасыз болуының үші себебі бар: біріншіден - биліктегі жемқорлық, екіншіден - жол құрылысының қыр-сырын білетін мамандардың жоқтығы, үшіншіден - қажетті техниканың тапшылығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары